$ 448.15  483.46  4.86

Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданын тексерді

Алатау ауданында инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар жүруде.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында өткен жылғы есептік кездесулерде Алатау ауданы тұрғандары айтқан мәселелерлің қалай шешіліп жатқанын тексерді. Сол кезде жолдардың, тротуарлардың, арықтардың, жарықтың, коммуналдық желілердің жоқтығы сөз болған еді. Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев ауданның инфрақұрылымын жасқарту жөніндегі жобаларды іске асырудың барысымен танысты, - деп хабарлайды Sn.kz.

Алматы әкімі Ұлжан ықшамауданындағы кәріздік насос станциясының құрылысымен танысты және осы ықшамаудандағы Жалайыр көшесіндегі жолдың жөнделу барысын көрді. Жол кеңейеді, тротуарлар мен арық желілері салынады, ал мектеп пен бала бақша жанынан жылдамдық режимін азайту үшін жасанды кедергілер жасалатын болады. Қала әкімі орынбасарларға және тиісті басқарма басшыларына жасалып жатқан жұмыстардың сапасын жіті қадағалауды тапсырды.

«Қаланың кез келген ықшамауданындағы өмір сүру сапасы бірдей әрі жоғары деңгейде болуы тиіс. Біз бұл міндетті «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында Мемлекет басшысы айтқан «Шетсіз қала» қағидатына сай шешудеміз», - деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Алатау ауданында инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар жүруде. Шапағат, Қарасу, Алғабас, Өжет, Самғау, Ақбұлақ сынды алты ықшамаудандарда су және кәріз құбырлары салынуда. Олардың жалпы ұзындығы – 205,4 шақырым, оның 111,41 шақырымы сумен қамту желісі, 93,99 шақырымы судан бөлетін құбырлар.

«Көк Кайнар»,«Томирис», Шаңырақ-2, Ұлжан-1 ықшамаудандарында салынған кәріздік желілерді іске қосу үшін 17 кәріздік насос станцияларының құрылыстары жүруде. Оларды ағымдағы жылдың ІІ жартысында аяқтау жоспарланған. «Шаңырақ-1», «Теректі», «Рахат-Мәдениет» ықшамаудандарында инженерлік желілер салу үшін ЖСҚ әзірленуде.

Өткен жылы 13 ықшамауданда жаңа жолдардың құрылыстары басталған еді. Оның ішінде «Қарасу», «Ақбұлақ», «Көк Қайнар» «Саялы-2» сынды төрт ықшамаудандағы ұзындығы 32,7 шақырым жолдар пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы «Ұлжан-2», «Алғабас-АЗТМ», «Томирис», «Ұлжан-1», «Шаңырақ-2», «Шаңырак-1», «Дархан-Байбесік», «Әйгерім-1», «Әйгерім-2» сынды жеті ықшамаудандағы жалпы ұзындығы 84 шақырым болатын жолдардың құрылысы биылғы жылы аяқталады. Бұлардан өзге, «Шаңырақ-2»,«АЗТМ-Алғабас», «Томирис», «Боралдай», «Ұлжан-1», «Ұлжан-2», «Көк-Қайнар», «Қарасу», «Өжет» сынды сегіз ықшамаудандағы 67,4 шақырым жолдарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүруде.

Қала әкімі «Алатау Сити» ТК құрылыс алаңында болды, мұнда орта санаттағылар үшін қолжетімді баспана салынуда, оның ішінде ипотекалық несие бағдарламасы бойынша. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қала тарапынан коммуникация жүргізілді.

Өз кезегінде, құрылысты жүргізуші МЖӘ аясында 350 орынды балабақша салатын болады. Осылайша, Алматы әкімі Б.Сағынтаевтың қолжетімді әлеуметтік инфрақұрылым құру жөніндегі тапсырмасы оң шешімін табуда.

«Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бойынша Алатау ауданында үш жасыл аумаққа, үш сквер мен  алты жүргінші аймағына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұлардан өзге, көпқабатты үйлердің шатырлары жөнделіп, 23 аула, 18 балабақша ретке келтіріледі. Барлық нысандарда 2070 жұмыс орындары құрылады.

Қала әкімі жұмыс сапары барысында атқарылған жұмыстар мен қоғамдық кеңістікті жөндеу үшін қолданылған материалдардың сапасын да тексерді. Оның ішінде, Рысқұлов даңғылы бойынан Момышұлы көшесінен Оңғарсынова көшесіне дейінгі Жасыл аймақ, ҮАК бойынан Момышұлы көшесінен Солтүстік айналымға дейінгі аумақ тексерілді. ҮАК бойындағы скверге және «Алатау» дәстүрлі өнер театры алдындағы алаңға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Қарасу» ықшамауданында жаңа рекреациялық аймақтың құрылысы жүруде, мұнда елді мекенге жақын орналасқан өзен арналары жасылдандырылады. Осынау қоғамдық орындар жасылдандыру арқасында көпшілік тынығатын орындарға, балалардың ойын және спорт алаңдарына айналады.

«Бұл жобаларды іске асыру аудан өмірін жақсартады, кеңістікті жұмыс істеуге, тынығуға, оқуға барынша жайлы етеді. Жаңа тынығатын орындар пайда болады», - деп атап өтті Б.Сағынтаев және бос орындарды барынша жасылдандыруды, ағаштардың берік сұрыптарын отырғызуды тапсырды. Өйткені, аудан жасыл желек саны жағынан қалада соңғы орында.

Жұмыс сапары барысында Бақытжан Сағынтаев «Маслодел» зауытында болып, жаңа санитарлық ережелерге сай өндірістік циклдармен және жұмыс үрдісін ұйымдастыруды көрді. Бұлардан өзге, қала әкімі жаңа мешіттің құрылыс алаңында болды, сонымен қатар Almaty Creative Hub жаңа буынын қалыптастыратын мәдени орталықтың жобасымен танысты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары