$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда «Жұмыспен қамту жол картасын» Nur otan бақылауға алды

Көкжиек ықшамауданында балабақша маңындағы саябақ та жөнделіп жатыр.

Алматыда «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының жүзеге асуын Nur otan партиясы бақылауға алды. Елбасы тапсырмасына сәйкес жасалған жоба халықты жұмыспен қамтып, құрылыста отандық өнімді қолдануды құптайды. Бүгін бас партия өкілдері Жетісу ауданындағы бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды Sn.kz.

Мәселен, Көкжиек ықшам ауданындағы нөмірі 171-бөбекжайда ойын алаңындағы төсенішті ауыстыру керек болған. Тендерді жеңіп алған мердігер ұйым қалпына келтіруге кіріскен. Олар бұл құрылысқа «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 15 адамды жұмылдырады. Сөйтіп, жобаны белгіленген уақыттан ерте аяқтапты. Бүгін Nur otan партиясының Жетісу аудандық филиалы өкілдері жағдайды білу үшін кәсіпкермен кездесті.

Көкжиек ықшамауданында балабақша маңындағы саябақ та жөнделіп жатыр. Шағын бақта енді демалуға да болады. Онда 20 шақты отырғыш, 1 воркаут алаңы, 2 жаттығу құралы, көше шамдары орнатылады. Мердігер бұл жұмысқа қолданып жатқан материалдың 92 пайызы отандық өнім дейді.

«Өзіміздің Алматыдағы асфальтбетон, АЗМК деген компаниялардан алып жатырмыз. 92 пайыз отандық өнім алатын болдық. Солардың келісім-шарттары бар. Ақшасын төлеп қойдық. Келісім бар. Осында жұмыс істейтін 45 адам. 20 адам ораталықтан алып жатырмыз. Өзіміздің 25 адам. Сол жеткілікті деп отырмыз. Уағында тапсырамыз», – деді мердігер мекеменің директоры Қайрат Айдарбеков.

Елбасы тапсырмасына сәйкес жасалған жоба халықты жұмыспен қамтып, құрылыста отандық өнімді қолдануды құптайды. Бақылауға қатысқан партиялықтар Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы тапсырмасы бойынша жол картасы аясында салынып жатқан бірнеше осындай объектілер партиялық бақылауға алған.

«Алматы қаласының әкімі, партия төрағасы Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы тапсырмасы бойынша жол картасы аясында салынып жатқан бірнеше осындай объектілер партиялық бақылауға тапсырған болатын. Енді осы құрылыс басталғалы Жетісу аудандық партиялық бақылау комиссиясы осындай объектілердің барлығын тексеріп, мониторинг жүргіздік», – деді Nur otan партиясының жетісу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров.

Ал, Алматының өзге де аудандарында жасалып жатқан жұмыстар көп. Алайда Nur otan партиясы барлығына бақылау жасап отырмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Бүгін бас партия өкілдері Жетісу ауданындағы бірқатар нысандарды аралаған болатын. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының жүзеге асуын Nur otan партиясы бақылауға алды.

Елбасы тапсырмасына сәйкес жасалған жоба халықты жұмыспен қамтып, құрылыста отандық өнімді қолдануды құптап отыр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары