Эколог Тимур Елеусізов желтоқсан айында шаһар басшысына қалаға жасыл желек отырғызсам деген ұсыныспен шыққан. Бұл ұсынысы ескеріліп, қоғам белсенділері 2020 жылды ағаш отырғызумен бастады. Алматы жоғары экологиялық өлшемге сай табиғатпен үйлесімді қала болуы тиіс. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы-2050» даму стратегиясын таныстыру барысында осылай айтқан еді. Бұл бастаманы қаланың экобелсенділері бірден қолдап кетті, - деп хабарлайды Sn.kz.
Осылайша, тапсырылған іс, көтерілген бастама қолдау тауып, орындалып жатыр. Мұны қала әкімі жеке қадағалап отыр.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев былтырғы жылы Алмалы ауданы халқымен екі рет кездесу өткізді. Сол кезде «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары Тимур Елеусізов кең алқапқа қарағай орманын отырғызу ісін жүргізуге рұқсат берсеңіз деп өтініш білдірген болатын.
«Біз сізге осыған дейін жазбаша түрде қарағайлы орман отырғызу жөнінде хат жолдаған едік, біз бастамашыл топ 1 қаңтарда ағаш отырғызғымыз келді. Бізге қолдау көрсетуіңізді сұраймыз. Мен сізге кеңсе арқылы да хат жібердім», – деді «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары Тимур Елеусізов.
Осы орайда Алматы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев та жауап бeргeн болатын.
«Рахмет, біз барлық мәселені қарастырамыз. Бұл тек ауданға ғана емес, бүкіл қалаға қатысты мәселе», – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Осылайша сұрауы ескерусіз қалмай, биылғы жылдың басынан құрамына еріктілер, кәсіпкерлер кірген бастамашыл топ Алатау ауданына қарағай орманын отырғызу ісін қолға алды. Мұндай игі шараға қала тұрғындары да жаппай атсалысты.
«Бізді қала әкімі қолдады. Осындай игі шараны жүзеге асыру үшін арнайы аймақ бөліп беруін сұрап, қала әкімінің өзіне үндеу жолдаған болатынмын. Бұған халық өз еркімен атсалысуда. «Миллион түп ағаш егу» бағдарламасын өз басым қолдаймын. Сондықтан біз Алматыда қарағай орманын егуді қолға алдық. Жетісу, Алатау ауданы бұл бағытта жақсы жұмыс атқаруда. Бұл өңірлер біртіндеп жасыл желекке оранып келеді», – деді «Табиғат» экологиялық одағы төрағасының орынбасары Тимур Елеусізов.
Жуырда ғана шаһар басшысы қарағай орманына жұмыс сапарымен өзі барды. Саябақтың жалпы аумағы 80 гектарды алып жатыр. Жоба аясында жасыл аймақтың ішінде балалар және спорт алаңдары салынбақ. Аймақ шілде айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Әзірге жұмыс қарқынды жүріп жатыр.
«Біз қазір айналаны абаттандырумен айналысудамыз. Мұнда инженерлік желілер, су, жарық тартылған. Бұл жоба көпке аты мәлім «Баум бағына» ұқсайды. Еккен жасыл-желек жайқалған кезде өте әдемі жер болады. Екі жақтан да ағаштар болады», – деді «Қарағайлы орман» жобасының менеджері Юрий Кукош.
Экобелсенділер қазір жасыл желекті көптеп егуді тек санаулы аудандар мықтап қолға алғандығын айтады. Мегаполисті көгалдандыруға барлық алматылық атсалысса екен дейді. Қоғам белсенділері көтерген бастама халық тарапынан да қолдау көрді. Аумақты көгалдандыруға аудан тұрғындары да жұмылдырылып, игі істің жаршысы болды.