1 маусымы - Халықаралық балаларды қорғау күнінде Абайдың 175 жылдығы қарсаңында Абай университетінің қызметкерлері мен оқытушыларының балаларына арналған «Абай үміті» көркемсөз оқу байқауы аяқталды. Жарыс онлайн-форматта өтті, - деп хабарлайды Sn.kz.
20-28 мамыр аралығында ұйымдастырушылардың WhatsApp нөмірлерінде мектеп жасына дейінгі балалар, бастауыш және 5-7 сынып оқушыларынан 55 бейнероликтер жиналды. Ұсынылған жұмыстар қатысушылардың жас санаттары бойынша қарастырылды.
«Біз Ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай оның шығармалары мен өмір жолын насихаттау мақсатында оқушылар арасында байқау ұйымдастырдық. Бұл байқау балалар мен жасөспірімдердің ақын шығармашылығына деген қызығушылығын арттырып, оқу-білімге ынтасын арттырғанына бек сенімдіміз. Абайдың 175 жылығы қарсаңында мұндай шаралар өте қажет деп есептейміз», - дейді ұйымдастырушылар.
Байқау шарты бойынша үздік жұмыстар іріктеліп, мәнерлеп оқу бойынша қатысушылардың ерекше дайындығы мен роликтердің сапалық деңгейі бағаланды. Жүлделі орындарға 18 бейнеролик ие болды.
Мектеп жасына дейінгі 3-5 жас аралығында:
Бас жүлде - Жолжақсин Әділ, 6 жаста, әжесі: №8 жатақхана вахтері О.А.Жолжақсина.
1 орын - Болатқұл Нұрасыл, 5 жаста, анасы - қызметкер А.Оспан
2 орын - Тоқтар Кәусар Думанқызы, 3 жаста, әкесі - оқытушы Д.Алиаскаров
2 орын - Дүйсенбек Мариям, 4 жаста, атасы - оқытушы Д.Өміралиев
3 орын - Нұрмаханбет Айнара, 5 жаста, әкесі - оқытушы Е.Тугелбаев
3 орын - Нұрлыбаев Наби, 6 жаста, әкесі - қызметкер М.Нұрлыбаев
Бастауыш, 1-4 сынып оқушылары аралығында:
Бас жүлде - Темірболат Томирис, 9 жаста, анасы - оқытушы А.Шоқанова ;
1-орын - Дүйсен Алижан, 7 жаста, әжесі - доцент Г.Ж.Естаева;
2-орын - Жабалбай Айару, 10 жаста, атасы - Хәкім Абай ҒЗО директоры Ж.Шойынбет;
2-орын - Мали Ақнұр, 10 жаста, анасы - аға оқытушы Қ.Исаханова;
2-орын - Жарылқасын Данғар, 8 жаста, анасы - №8 ғимарат, Асхана меңгерушісі Мұхит Нүргүл;
3-орын - Сайрамбай Зере, 8 жаста, анасы - қызметкер А.Сбанбаева;
3-орын - Мәли Ақниет, 8 жаста, анасы- аға оқытушы Қ.Исаханова.
Негізгі, 5-7 сынып оқушылары аралығында:
Бас жүлде - Айтжанова Альбина, 12 жаста, әжесі - қызметкер А.Амирова;
1-орын - Жиделбай Нұрай, 12 жаста, әжесі - доценті Г.Ж.Естаева;
2-орын - Мақсатқызы Аянат, 11 жаста, әкесі - ректорат қызметкері М.Жақауов;
2-орын - Жұмаділ Мадина, 11 жаста, атасы - Ардагерлер кеңесі төрағасы Ж.Шілдебаев;
3-орын - Резникова Милана, 11 жаста, әжесі - профессор Б.Джакубанов;
3-орын - Қастерқызы Кәусар, 12 жаста, әкесі - доцент Қ.Сарқытқан.
Барлық жеңімпаз қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарымен және дағдыларымен ерекшеленді.
«Мен Абай атамыздың 50-ден астам өлеңін жатқа оқи аламын. Және сүйіп, сүйсініп, түсініп оқимын. Мен өскенше әлі көп өлең жаттаймын. Бүгінгі байқаудан бас жүлде алғаныма сене алмай отырмын. Мені бұл байқауға әжем дайындады. Әжем де менімен бірге Абайдың өлеідерін оқиды. Кейде жатарда Абайдың әндерін де айтып береді. Біз әлі көп байқауға қатысамыз», - дейді Бас жүлде иегері 12 жасар Альбина Айтжанова.
Шығармашылық байқау 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай алғаш рет Абай атындағы ҚазҰПУ Әкімшілік департаменті мен қызметкерлер кәсіподақ ұйымының қолдауымен өткізілді. Іс-шараны Студенттік ректорат мүшелері ұйымдастырды. Университет қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамы балалары мен немерелерінің аталмыш байқауға қатысқандары үшін белсенді түрде қолдау білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Байқауға қатысушылар тек Алматыдан ғана емес, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Алматы облыстарынан, Нұр-Сұлтан мен Швейцарияның Женева қаласынан арнайы бейнематериалдар жіберді.
Жеңімпаздармен қатар барлық балалар ректордың атынан сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.
Университет басшылығы өзінің стратегиялық ұстанымдарында жастардың білім алуына және олардың тұлғалық дамуына ғана емес, сонымен қатар болашақ мамандарды даярлайтын оқытушылардың әлеуметтік жағдайына да назар аударады.
Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымы - Халықаралық балаларды қорғау күнінде Абайдың 175 жылдығы қарсаңында Абай университетінің қызметкерлері мен оқытушыларының балаларына арналған «Абай үміті» көркемсөз оқу байқауы өткен болатын. Жарыс онлайн-форматта ұйымдастырылған.