Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты әскери қызметшілерінің балалары арасында «Абай оқулары» атты мәнерлеп оқу жыр сайысы өтті, - деп хабарлайды Sn.kz.
Шараның басты мақсаты – Ұлы ақын мұрасын кеңінен насихаттау және өскелең ұрпақтың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
«Ел Президенті Қ.Тоқаев Абайдың 175 жылдығын мәнді және жоғары деңгейде өткізуді талап етті. Карантинге байланысты сайысты қашықтан өткізуге тура келді. Қатысушылар өз номерін видеоға түсіріп, біздің электронды поштамызға жолдады», — деп атап өтті РЭжБӘИИ әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің өкілі Ақбота Мұстабекова.
Сайыста 30-дан астам бала өнер көрсетті, олар Абай шығармаларын мәнерлеп жатқа оқуда өзара бақ сынасты. Қатысушылардың өнерін қазылар алқасы әділ бағалады. Басты назар қатысушының жырды мәнерлеп оқуына, әртістік қабілетіне және ерекшелігіне баса мән берілді. Жас ерекшеліктеріне байланысты қатысушылар 3 топқа бөлініп, үздіктері іріктелді.
3-7 жас аралығында І орын – Көптілеу Даниел; ІІ орын – Әріпжан Айсұлу; ІІІ место – Жанғалиев Диас.
8-10 жас аралығында І место – Нұржан Нұрасыл; ІІ орын – Берікбаева Нұрай; ІІІ орын – Ғалымжанқызы Айлун.
11-14 жас аралығында І орын – Аюпұлы Ибраһим; ІІ орын – Бейбіт Айгүлім; ІІІ орын – Тыныштықбаева Даниеля.
«Абай оқуларына қатысқаным үшін қатты қуанып тұрмын. Бірінші орын аламын деп ойлаған жоқпын. Біз, оқушылар үшін Абайдың өлеңдерін жатқа оқу үлкен мақтаныш. Биыл атамыздың 175 жылдық мерейтойы өтіп жатыр. Мен өзімді осы байқауға қатысу арқылы аталған мерейтойға өз үлесімді қостым деп санаймын. Байқауға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға зор алғысымды білдіремін. Алда талай байқауларға қатысып, Абай атамыздың мұрасын дәріптей береміз деп сенемін», - деді І орын иегері Ибрагим Аюпұлы.
Абайдың шын есімі Ибрагим екені күллі қазаққа белгілі. Бүгінгі жүлдегердің де есімін Абайдың құрметіне қойған екен. Бұл туралы өзі былай дейді:
«Менің есімімді Ибрагим деп атам қойған екен. Абай атамыздың шын есімі ғой. Азан шақырып қойған аты. Атам мені Абайдай дара болсын деген ырыммен қойыпты. Бүгін сол атамның үмітін ақтағандай қуанып тұрмын. Бар бала Абайды білуі керек, Абайдың һлеңдерін жаттап өсуі керек. Мен әлі талай Абай оқуларына қатысамын», - деді Ибрагим.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағы мен әскери институт басшылығы атынан мадақтама қағазымен марапатталды. Сайысқа қатысып, өнер көрсеткендегі ынта-жігері үшін барлық қатысушыға алғыс хат табысталды.
«Балалардың ынтасын арттырып, Ұлы ақынның шығармашаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырған байқауға қатысуға ынта білдіргендер көп болды. Негізгі талап біздің оқу орнының қызметкерлерінің балалары болу еді ғой. Біз бұл арқылы қызмиеткерлердің де бала тәрбиесіне, Абай шығармаларына деген көңіл бөлуін арттыруға үлес қостық деп есептейміз. Алда мұндай байқауларды тағы да ұйымдастырып отыруға тырысамыз. Өйткені бұл қызметкерлердің бірлігін арттырады екен. Тәжірибеден осыны көріп отырмыз», - дейді өтті РЭжБӘИИ әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің өкілі Ақбота Мұстабекова.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты әскери қызметшілерінің балалары арасында Ұлы ақын мұрасын кеңінен насихаттау және өскелең ұрпақтың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Абай оқулары» атты мәнерлеп оқу жыр сайысы өткен болатын.