$ 448.89  477.93  4.76

Профессор Мұрат Мыңбаев өмірден өтті

ЕҰУ «Дизайн және ГГ» кафедрасының профессоры болған.

8 шілде күні 64 жасында Мұрат Мыңбаев денсаулығының күрт нашарлауына байланысты өкпе қабынуынан (пневмония) қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мыңбаев Мұрат Тайкелтірұлы, 1956 жылы 15 қаңтарда Темірлан ауылы, Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

1973 -1878 Жамбыл қаласындағы (қазіргі Тараз) Жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына “Тігін өнеркәсібі” факультетінде «Жеңіл өнеркәсіптің инженер-технологы» мамандығын үздік бітіріп, «Тігін бұйымдарының технологиясы» кафедрасына кафедра оқытушысы болу ұсынысын алады.1979 жылы Ленинград Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі институтының аспирантурасына түсіп, 1982 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми диссертацияны сәтті қорғайды.

Мұрат Мыңбаевтың басшылығымен 4 кандидаттық диссертация дайындалып, таңдалған ғылыми бағыт бойынша 150-ден астам ғылыми жұмыстар, оның ішінде 15 өнеркәсіптік патент пен өнертабыстар, 10 авторлық куәлік,3 монография жарық көрді.

1998-2009 жылдар аралығында Меккеге 16 қажылық жасады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевты қажылық сапарында серік болды.
Исламтануды 20 жылдан астам зерттеді.

Ғылыми дәрежесі - техника ғылымдарының кандидаты,2003 жылдың тамызында «профессор» ғылыми атағы берілді.
Қазақ тілі- ана тілі, орыс тілін - еркін, болгар, араб, ағылшын тілдерінде тілдесе білген.

04.02.2002 – қазіргі уақытқа дейін «Руханият» Халықаралық мұсылман университетінің ректоры болған.
10.11.2005-01.04.2014 – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің стандарттау жөніндегі халал техникалық комитетінің жауапты хатшысы болған.
04.02.2014 жылдан бүгінгі күнге дейін «Рухания-Инвест» инвестициялық науқанының бас директоры болған.
10.12.2016 қазіргі уақытқа дейін, ЕҰУ «Дизайн және ГГ» кафедрасының профессоры болған.

2018 жылдың 18 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Сән Әлемі» Дизайн және технологиялар институтының бас директоры болған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#профессор