$ 494.87  520.65  4.91

Айдын Рахымбаев коронавируспен ауырған науқастарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ

Ол өзге де кәсіпкерлерді осы қайырымдылық акциясына қосылуға шақырды.
Фото: forbes.kz
Фото: forbes.kz

BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастарды тегін емдеуге арналған орталықтар ашпақ. Ол өзге де кәсіпкерлерді осы қайырымдылық акциясына қосылуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Айдын Рахымбаев Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

"Алматы мен Нұр-Сұлтанда 100-200 орындық амбулаторлық-провизорлық COVID-орталығын ашу үшін ғимарат іздеп жүрміз. Тиімді жалдау ақысын төлеуге дайынбыз, барлық ыңғайлы және дайын нұсқаларды, мүмкіндігінше қонақ үйлер, тұрғын үй блоктары немесе санитарлық тораптары бар, кіреберісі ыңғайды болса және басқаларын қарастырамыз. КВИ-ден емделуге мұқтаж барлық адам үшін тегін орталықтар ашуды жоспарлап отырмыз. Оттегі концентраттары сатып алынды, келесі аптада келеді. Дәрі-дәрмектер мен қажетті жабдықтар табылды және сатып алынады", – деп жазды ол.

Сонымен қатар, Рахымбаев дәрігер-волонтерлерді және дәрігерлерді іздестіріп жатыр. Ақысы сағатына төленеді. Оларды жеке қорғаныс құралдарымен және азық-түлікпен қамтамасыз етуге уәде берілді.

Дереккөз: bag.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары