Шымкент тұрғыны анасының қазасына дәрігерлер кінәлі деп айыптауда. Сөзінше, әйел алдыртқан оттегі аппаратын ақ халаттылар басқа біреуге қосып тастаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Айжан Ергешованың анасының 1988 жылдан бері медбике болып қызмет атқарғанын айтады. Пандемия кезінде де ол көршілеріне, басқа адамдарға көмектесуді тоқтатпаған. Алайда біраз күн бұрын әйел пневмонияға шалдығыпты. Алғашында оны ауруханада орын жоқ деп қабылдамай қойған. Ал әрең дегенде ем орталығына жатқызылғаннан кейін дәрігерлер керекті дәрілер мен оттегі құрылғылар жетіспейтінін айтыпты. Бұның барлығын өз ақшамызға алуға тура келді дейді Айжан Ершеова.
"Анам ауруханаға түскенде тыныс алуы мүлдем қиындап кетті. Бірақ жедел жәрдем дәрігері оны құтқарып қалды. Қанша адамның тынысы тарылып жатыр. Бір ер азамат менің көзімше өліп кетті. Менің інім анамның ессіз күйде жатқанын көрген. Дереу оттегі аппаратын мекемеден іздесе, ол басқа адамға қосылу тұрған. Екінші баллонға сыртқа жүгіріп шығып алып келгенше небәрі бес минуттың ішінде анам бақилық болыпты. ", - дейді тұрғын.
Қазіргі кезде денсаулық сақтау министрлігі атаған жағдайды тексеретінін мәлім етіпті. Арнайы комиссия құрылып тексеріс басталып кеткен.
"Әйел инфекциялық ауруханаға ауыр халде түсті. Оған толығымен ем шаралары көрсетілді. Министрлік бекіткен хаттамаға байланысты терапия жасалды. Бірақ науқастың жағдайы сол күйі жақсармады. Біз тәуелсіз комиссия құрдық. Егер кінәлілер анықталса, міндетті түрде жазаланады", - деді Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.