Экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаева да әкесінің ізінше коронавирустан қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол жақынын жоқтап отырған жандарға төзімділік тілеп, халықпен бірге екендігін жеткізді.
"Жақын жандарын жоғалтқан барлық қазақстандықтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын! Мұндай қайғылы жағдайда сөздер қауқарсыз, бірақ ауыр қазаға шыдау үшін әрбіріңізге берік болуды тілеймін! Мен бүгін сіздермен бірге аза тұтамын!", - деп жазды ол instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.