$ 443.85  474.3  4.8

Тоқаев коронавирустан көз жұмған екі дәрігерді марапаттады

Айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде еңбегі сіңген  медицина қызметкерлерін арнайы наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" МКК бөлімше меңгерушісі Исаев Олег Николаевич (марқұм) пен Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қозбағаров Қалихан Есбосынұлына (марқұм) Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын", - делінген құжат мәтінінде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары