$ 494.87  520.65  4.91

«Алла коронавирусты ойлап тапқан адамдардың жазасын берсін!» - әнші Шаһизада

Онсыз да бір-бірінің артын аңдыған адамдардың пейілі тарылған заманда өмір сүріп жүр едік.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Әнші Шахизаданың ағасы ауырып қайтыс болды. Бауырының өлімі жайлы әнші өзінің instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Онсыз да күнкөрістің қамы есеңгіретіп жүрген халқымыз ойламаған жерден айдың күннің аманында қасіреттің құрсауында қалды. Аттай шауып, елге қызмет етіп жүрген небір елгезек азаматтар, мәдениет пен өнердің жанашырлары, қарапайым халық, дәрігерлер ажал жетегінде кете барды.

Азғын адамдардың қолымен жасалған аурудың кесірі қаншама адамға тиіп жатыр. Күні кеше ғана жайраңдап, жұмысын жасап жүрген бауырымыздан, танысымыздан күн сайын айырылып барамыз. Бұл коронавирус менің де отбасымды айналып өтпеді. Апталдай азаматымызды, күліп- ойнап жүрген ағатайымды алып кетті.

Сыртым күлгенмен, ішім қан жылауда. Ішкі өксігімді сыртқа сөз арқылы шығармасам ішіме сияр емес. Өзімнің жеке ойым, жанайқайым. Онсыз да бір-бірінің артын аңдыған, біреудің ақшасын санаған, жақсылықты жасырып, жамандықты асырған, адамдардың пейілі тарылған заманда өмір сүріп жүр едік. Мына індет бәрімізді бір тәубемізге түсіргендей.

Мыңдаған адамдардың ажалына себеп болған коронавирусты ойлап тапқандардың Алла жазасын берсін.
Мезгілсіз айырылған жақындарымыздың Алла жанын жәннаттан етсін деймін. Осы індеттен көз жұмғандардың отбасына қайғыра көңіл айтамын!

Өзі аз ғана қазағым бұдан былай қайғы тартпаса екен. Жақсылыққа жылатсаң да, қасіретке жылатпашы, Раббым!", - деп жазды жақынынан айрылған әнші. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары