$ 498.34  519.72  4.85

«Пневмонияны антибиотикпен емдеу дұрыс емес» - дәрігер

Дәрігер коронавирус пневмониясымен ауырған науқастарға күн сайын кемі 3 реттен тыныс алу жаттығуын жасау қажет екенін атап өтті.

Дәрігер коронавирус пневмониясымен ауырған науқастарға күн сайын кемі 3 реттен тыныс алу жаттығуын жасау қажет екенін атап өтті

Коронавирус пневмониясын антибиотиктермен емдеу дұрыс емес. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Пневмонияны антибиотикпен емдеу дұрыс емес. Антибиотик вирусты пневмонияны емдемейді. Бізбен тәжірибе алмасқан қытайлық дәрігерлер отандық дәрігерлердің коронавирус пневмониясына антибиотик тағайындайтынына таңғалды. Себебі, олар COVID-19 пневмониясын емдеуде дәстүрлі қытайлық дәрілік шөптерді тағайындаған. Сол себепті, өзіміздің ұлттық сусындарымыз қымыз, шұбат, саумал, дәрілік шөптерден пармелия, қызылмия тамырларының тұнбаларын ішіңіздер», - деді маман.

Дәрігер коронавирус пневмониясымен ауырған науқастарға күн сайын кемі 3 реттен тыныс алу жаттығуын жасау қажет екенін атап өтті.

«Морфологиялық картина мұның жәй пневмония емес екенін көрсетіп тұр. Себебі, ағзада қан ұйып, гипертромбоз болады. Сол себепті, науқастар демігеді. Қан ұйып қалудың алдын алу үшін көп қимылдап, үйде күніне үш рет 15-20 минуттан  тыныс алу жаттығуын жасаңыз. Коронавирустың адам иммунитетіне тигізген кері әсері 6 айға дейін жалғасады. Сондықтан салауатты өмір салтын ұсынып, спортпен шұғылданыңыздар», - деді Сәуле Қасенова.

Айта кететіні, Қазақстанда коронавирусты емдеу протоколы 4-ші шілде күні қайта ауысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары