13.07.2020, 21:20

Үкімет шілде айында 42500 теңге төлейтін болды

Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор.

Карантиннің ұзартылуына байланысты шілде айында қазақстандықтарға 42 500 теңге жәрдемақы төленеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42 500 теңге төлейді", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Айта кетейік, мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин режимін тағы екі аптаға ұзартылатынын мәлімдеді. Бұл туралы үкіметтік комиссия егжей-тегжейлі 14 шілде, сейсенбі күні жариялайды деп жоспарланған.

Бұған дейін үкімет төтенше жағдай аяқталғандықтан, жаңа шектеулер кезеңінде 42 500 теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеуге негіз жоқ деп мәлімдеген болатын. Карантиннің екінші кезеңі бастапқыда екі аптаға – 5-19 шілде аралығында енгізілген болатын.