$ 494.87  520.65  4.91

Карантин 2 тамызға дейін ұзартылды

Ол карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырды және орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге карантинді одан әрі сақтаудың барлық шараларын іске асыруды тапсырды.

Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартып, табысынан айырылуы бойынша 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бұл жайлы Асқар Мамин Үкімет отырысындай айтты. 

«Қатаң карантиндік шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Аурудың таралу қарқыны тұрақталуда. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша, эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін елде шектеу шараларын тағы 2 аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешімді қабылдап отырмыз»,  – деп Үкімет басшысы. 

Ол карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырды және орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге карантинді одан әрі сақтаудың барлық шараларын іске асыруды тапсырды. 

Сондай-ақ Асқар Мамин «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезеңінде табысынан айрылуы бойынша әлеуметтік жәрдемақы – ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз»,  –  деді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары