$ 448.15  483.46  4.86

42500 теңге қашаннан бастап беріледі? - министр жауабы

Ең төменгі жалақы мөлшеріндегі төлем тек бір айға, шілдеге берілетінін атап өтті.

Кірісінен айырылған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы тағайындау 20 шілдеден басталады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр әлеуметтік төлемге өтініш беруге арналған порталдар жұма күні іске қосылатынын айтты.

"Біздің жоспарымыз: жұма күні бүкіл портал өтініш беруге ашық болады. Ал дүйсенбіден, яғни 20 шілдеден төлемдерді тағайындауға кіріссек пе дейміз", – деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Ол ең төменгі жалақы мөлшеріндегі төлем тек бір айға, шілдеге берілетінін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары