$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда жаңалықтардың шын-жалғанын анықтайтын сайт іске қосылды

Сайтта «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы бар, ол арқылы кез-келген адам редакцияға хат жолдап, ақпараттың мүмкін еместігі туралы шағым жібере алады.
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі www.stopfake.kz жаңа интернет-ресурсын іске қосты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл сайт фактілерді мұқият тексеріп, ақпараттардың шын-жалғанын анықтап, нәтижесінде олардың фейк, манипуляция, арандату және т.б. екендігін жариялайды.

StopFake бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, байланыс каналдарында таратылған ақпараттардың шынайылығын анықтап, талдап, зерттеу нәтижелерін көрсетеді.

Сайтта «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы бар, ол арқылы кез-келген адам редакцияға хат жолдап, ақпараттың мүмкін еместігі туралы шағым жібере алады. Редакторлар оның жалғандық дәрежесін анықтап, бұл туралы жаңалықтарды веб-сайтқа жариялайды.

Жалпы алғанда, StopFake қоғамды дұрыс ақпараттандыруға, ақпараттық манипуляциялармен күресуге және қате, жалған хабарламалардың ақпараттық тазалыққа бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары