Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов бразилиялық Раулиана Пайвамен өткізген жекпе-жектегі жеңілісіне бапкерін кінәлі деп санайды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Төрешілердің бірауыздан, бірақ даулы шешімімен Жалғас Жұмағұлов UFC 251 турниріндегі жекпе-жекте Раулиана Пайвадан жеңілген болатын.
Қазақстандық спортшының пікірінше, бұл жеңіліске оның бапкері кінәлі.
"Қарсыласымның бауырына тигізген қатты соққыларым болды. Ол бүгіліп қалды, бірақ мен шбуылды соңына дейін жеткізбедім. Содан кейін сол қолыммен де дөп тигіздім. Мүмкін ол камерадан көрінбейді, ал бетпе-бет тұрғанда ол анық көрінеді. Осының бәрінде шабуылды соңына дейін жеткізбегенім айқын сезіледі. Егер осы позицияны өзгертпей, соңына дейін жеткізгенімде қарсыласымды нокаутқа түсіруші едім. Барлық сұрақ бапкеріме. Өйткені, ыңғайлы позицияны өзгерту туралы ол тапсырма берді – мен орындадым", – деді Жұмағұлов.
Осы жекпе-жектен кейін Жалғастың есебінде төртінші жеңіліс тіркелді (13 жеңіс).