$ 443.85  474.3  4.8

Абай шығармалары «Kzo-book» арнасында оқылуда

Ғаламтордағы бұл арнаның негізгі мақсаты – оқырмандардың назарын кітап оқуға аудару.
фото: abai.kz
фото: abai.kz

 YouTube платформасындағы «Kzo-book» арнасы оқырмандарға кітап оқудың қызықты әдіс-тәсілдерін ұсынып келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл арнада қазақ жазушыларының еңбектерімен қатар шетелдік классикалық шығармалар жайлы таныстыратын бейнематериалдар да бар. Сонымен қатар, заманауи туындылар, психологиялық және бизнес тақырыбындағы кітаптар бойынша мазмұнды мәліметтерді табуға болады. Ғаламтордағы бұл арнаның негізгі мақсаты – оқырмандардың назарын кітап оқуға аудару. 

Интернет арнасы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларын тұрақты түрде беріп отырады. Шілде айындағы кезекті шығарылымның бірін хакім Абайдың өлеңдер жинағына арнаған «Kzo-book» YouTube арнасы арқылы Абайдың «Өлсем орным қара жер» өлеңі, поэмалары мен жетінші қара сөзі, сонымен бірге аудармаларынан үзінділер оқылды.
 
«Ел ішінде Абай атамыздың 175 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан шаралар көп. Біз де Абай шығармаларын оқып, оқыған дүниемізді көпшілікпен бөлісуді жөн көрдік. Хакім Абайдың қара сөздері, өлеңдері туған жерге, сол дәуірдің қоғамдық өміріне қарай жазылған. «Кітап оқыңыз!» деген ұранды ұстанатын арна арқылы сіздерді Абай шығармаларын үнемі оқып жүруге шақырамыз!» - деді желі оқырмандары. 
 
 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары