$ 494.87  520.65  4.91

8 жасар баланы өлімші етіп сабап, көзіне тұз сепкен өгей әкеге қатысты сот үкімі шықты

Дәрігерлер баланың өмірін аман алып қалу үшін бір ай бойы арпалысқан.
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Талдықорғанда 8 жасар баланы ұрған өгей әке 10 жылға сотталды. Істі қараған Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық соты осындай үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы inform.kz-ке сілтеме жасап.

«ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігінің 3,4,11 тармақшалары бойынша айыпталған Денис Гревцевті 10 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шықты» делінген Алматы облысы №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ сот баланың өмірін сақтап қалған Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлерін мадақтау жөнінде шешім шығарды. Себебі дәрігерлер баланың өмірін аман алып қалу үшін бір ай бойы арпалысқан.

Естеріңізге сала кетейік, 8 жасар баланың өгей әкесі баланы ұрып-соққанымен қоймай, көзіне тұз сепкен. Жансақтау бөліміне түскен 8 жасар ұлын азаматтық некедегі күйеуі қалай соққанын баланың анасы Нина Шелипова айтып берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары