$ 443.35  475.54  4.82

«Азия дауысы»-ның негізін қалаушы Мұрат Ерғалиев коронавирустан көз жұмды

"Азия дауысы", "Жас қанат" халықаралық байқауларының негізін қалаушылырының бірі, ТВ журналистикасының МЭТРі болған.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Тележурналист, «Азия дауысы» және «Жас қанат» жобаларының бас продюсері Мұрат Ерғалиев коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Суық хабарды сенат депутаты Дана Нұржігіт инстаграм парақшасында жария етті.

"Covid-19 деген әждаһа "Азия дауысы", "Жас қанат" халықаралық байқауларының негізін қалаушылырының бірі, ТВ журналистикасының МЭТРі, менің алғашқы қадамдарыма күә болып, бір көргеннен "казахская француженка" деп ат қойған Мұрат Әжімұлы Ирғалиевті жұтып тынды. Лағнет айтам бұл нәлетке! Қандай адамдар кетіп жатыр! Көз жасымды тоқтатар емеспін", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары