Жаңалықтар 18.07.2020 сағат 16:06

«Қазақстан Ресейден коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші болып сатып алады» - Асқар Мамин

17 шілдеде Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысына Үкімет басшысы Асқар Мамин қатысқан болатын.
«Қазақстан Ресейден коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші болып сатып алады» - Асқар Мамин
Фото: 24.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Ресейде өнеркәсіптік өндіріс іске қосылған кезде коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқы елдердің бірі болып сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминнің Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустинмен кездесуінде айтқан сөзін РИА Новости жеткізді.

Мамин Ресейге COVID-19 індетімен күресуде көрсеткен көмегі үшін, атап айтқанда, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын және ондаған дәрігер жібергені үшін алғыс айтты.

"Ең бастысы, біз Қазақстанның әртүрлі өңіріне барып, жұмыс істеп жатқан ресейлік дәрігерлердің көмегін алдық", - деді Қазақстан премьері.

Еліміз Ресейде әзірленген коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізу жұмыстарын бақылап отыр, деп атап өтті Мамин.

"Осыған байланысты, Михаил Владимирович, вакцинаның өнеркәсіптік өндірісі басталған кезде, Қазақстан алғашқы елдердің қатарында вакцина партиясын сатып алу мүмкіндігіне ие болады деп үміттенеміз. Бұл өте маңызды", - деді ол.

17 шілдеде Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті, оған Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин қатысты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар