Мұнай кеніштеріндегі жағдай тұрақты. Бұл туралы Атырау облысының бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов ОКҚ-де өткен онлайн-брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды azh.kz.
Теңіз кенішіндегі жағдайға түсінік бере отырып, қазір ол жақта сырқаттану деңгейі жоғары емес екенін атап өтті. Атырау облысында КВИ жұқтырудың 160-210 жағдайы тіркелді, оның 40 пайызы - кеніштің еншісінде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, Теңіз кенішінде барлығы 2166 жағдай анықталып, 1247 адам сауығып шыққан, 919 адам емделіп жатыр. Облыстағы басқа да ірі кәсіпорындар, соның ішінде АМӨЗ, ЕМГ бойынша жеке статистика жүргізілмейді.