$ 494.87  520.65  4.91

Үкімет басшысы министрлер мен әкімдерге 5 тапсырма жүктеді

«СҚ-Фармация» шілденің соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша 1 айға жететіндей етіп өңірлерге жеткізсін.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елімізде коронавирус бойынша жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді.

«Республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың өсімі 2,1% пайызды құрайды. Кей өңірлерде одан да аз. Мысалы, Шымкентте– 1%, Қызылорда облысында – 0,9%, Түркістан облысында – 0,8%, Ақтөбе облысында –  0,5%. Қазіргі басты міндет – барлық өңірлердегі ауру жұқтыру деңгейін орнықты төмендету»,- деді ол бүгінгі Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы ауылдық жерлердегі жағдайды жақсарту үшін бірқатар шаралар қабылдау керектігін айтып, министрлер мен әкімдерге 5 тапсырма жүктеді.

  • Денсаулық сақтау және индустрия министрлігі, әкімдіктер тамыз соңына дейін өңірлердегі ауруханаларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен қажеттілікке сәйкес қамтамасыз етуі тиіс.
  • ДСМ әкімдіктермен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ветеринарлық зертханалар базасында коронавирусқа тестілеу жұмыстарын ұйымдастырсын және кадрлармен жасақтасын.
  • Индустрия, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктері шұғыл түрде өңірлерді көпшелі диагностикалық кешендермен, аудандық ауруханаларды цифрлық рентген аппараттарымен қамтамасыз етсін.
  • ДСМ әкімдіктермен бірге екі апта ішінде оттегі концентраторлары мен медициналық газдарды толық жеткізуді қамтамасыз етсін.
  • «СҚ-Фармация» шілденің соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша 1 айға жететіндей етіп өңірлерге жеткізсін және дәрі-дәрмек қажеттілігін жоспарлаудың нақты жүйесін жоспарласын. Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтөбе облысы үлгісімен тұрақтандыру қоры құрылып, қажетті қор (запас) дайындалсын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Үкімет