$ 449.58  486.94  4.86

«Азаматтардың жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр» - Тоқаев

Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді.
фото: әлеуметтік желіден және almaty.tv арнасына алынды.
фото: әлеуметтік желіден және almaty.tv арнасына алынды.

Күні Көбейтұзды джиппен таптаған жүргізуші жазаға тартылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Осы орайда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев демалыс орындарында азаматтардың тәртіпсіздік жасауын сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті "Көбейтұз" көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды.

Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек", - жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Көбейтұздың жалға берілмейтіндігі туралы ақпарат жариялағанбыз.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары