$ 448.15  483.46  4.86

Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Ол мемлекет басшысына жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жайлы есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев  ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру бағытында берілген тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жайында есеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары