Жаңалықтар 23.07.2020 сағат 01:30

Қызылордада эпидемиологиялық ахуал тақырыбында жауап беретін колл-орталық құрылды

Оған қоса мамандар эпидемиологиялық ахуалға қатысты барлық ақпараттарды көпшілік назарына ұсынады.
Қызылордада эпидемиологиялық ахуал тақырыбында жауап беретін колл-орталық құрылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қызылорда облысында эпидемиологиялық ахуал жайы және денсаулық саласына қатысты тақырыпта ақпарат беретін колл-орталық қызметін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл орын облыстық Жастар денсаулық орталығы жанынан құрылған. Онда көпшіліктен келіп түскен сұрақтар мен әрбір қоңырауға мамандар тарапынан жауап беріледі. Орталық мамандары ол мәселенің шешілуіне де көмектеседі. Оған қоса мамандар эпидемиологиялық ахуалға қатысты барлық ақпараттарды көпшілік назарына ұсынады. 

Аталған орталықта 14 маман қызмет атқарады. Қызметкерлер аптаның жеті күнінде тәулік бойына халықпен байланыс жүргізеді. 

Жақында аталған орталық жұмысымен облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов танысты. Жүздесу барысында атқарылатын іс-шаралар барысы пысықталды. 

«Тұрғындар орталық қызметі арқылы денсаулығына, коронавирус инфекциясы, оның алдын алу және таралу жолдарына байланысты сауалдарына жауап ала алады. Сондай-ақ, дәрімен қамтамасыз ету жөнінде де сауал қоюына мүмкіндігі бар. Бұған қала емханаларының мамандары тартылып отыр», - деді облыстық жастар денсаулығы орталығының директоры Жанар Қалмақова. Сондай-ақ, Қызылордада мобильді топтар қызметі тиімділігін көрсетті.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар