23.07.2020, 13:00

Сыр өнерпаздары Әл-Фараби рубаиларын оқуда

Әл-Фараби дарыны тасыған, әмбебап ғалым болды. Философия, математика, астрономия, физика, метафизика, медицина, музыка сынды бірқатар саладағы жетістіктерімен бірге ғұламаның ақындық қырының ерекшелігін айтуға болады.

Әл-Фараби – кемеңгер тұлға. Шығыс ғұламасы: Егер адам ақылға сүйеніп, ақыл-ойды үнемі дамытып отырса, идеалды қоғам құра алады» - деп сенді. Ғұламаның еңбекқорлығы өз алдына бір төбе еді. Әл-Фарабидің бақша күзетшісі болып жұмыс істеп, тапқан ақшасының барлығын майшам үшін жұмсағаны білімге деген махаббатының күштілігі болса керек. Өйткені, ұлы ойшыл бүгінге мұра болып қалдырған туындыларын түнгі уақытта жазатын болған.

Әл-Фараби дарыны тасыған, әмбебап ғалым болды. Философия, математика, астрономия, физика, метафизика, медицина, музыка сынды бірқатар саладағы жетістіктерімен бірге ғұламаның ақындық қырының ерекшелігін айтуға болады. Оны Әл-Фараби жазып қалдырған тәрбиелік мәні жоғары рубаиларынан көруге болады.

Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында Шамшат Төлепова атындағы Қармақшы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары челлендж ұйымдастыруда. Мәдениет үйі жанынан құрылған мәдени демалыс кешенінің көркемдік жетекшісі Берік Бәйділдаев Шығыс ғұламасының рубаиларынан үзінді оқып берді.

«Жайнаған бейне бір гүл әлем сыры,

Құйылған мөлдір нәзік гауһар нұры.

Даналар талай нысан тапқанымен

Тапқан жоқ тектер тегін әлі бірі.

Ей, қарындас, қашанғы жалған жолдан,

Ақиқатты шығарма әсте қолдан.

Бұл дүние мекенің сыйға берген

Жер нүктеге телміріп болма алаң.

Біз бір мейман бұл жайда аз-ақ күндік,

Болымсызға таласып күн өткіздік.

Анталасып аптықпа тар қапасқа,

Адамға әлем мекен ол мәңгілік!» - дей отырып, Әл-Фараби шығармашылығына қатысты эстафетаны мәдениет үйі мамандарына жолдады.

Тегтер: әлФараби