Пневмониямен ауыратын 45 мың Қазақстан азаматы ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Соңғы 20 күнде 63 491 адам ауруханаға жатқызылды, ал қазір 45 000 науқас ауруханада ем алып жатыр", - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.
Ол 2020 жылдың басынан бері шамамен 234 187 адам пневмониямен ауырғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус және пневмония туралы жалпы статистика жүргізіле бастайды.