$ 494.87  520.65  4.91

Елордада шығатын жолдарға блокбекеттер қойылды

Қазіргі уақытта елордада 16 мониторинг мобильді тобы жұмыс істейді.
Фото: kaztag
Фото: kaztag

Елорда полицейлері тұрғындарға туристік аймақтарға барудан бас тартуға кеңес береді. Коронавируспен күрес және карантиндік шаралардың күшеюі барысында туристік аймақтар жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын жолдарға бекеттер қойылған, онда елордалық полицейлер азаматтармен демалыс орындарындағы автокөліктің қозғалысы шектелгені туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігі туралы ескертеді.

«Шектеу шаралары үнемі айрықша бақылауда болады. Коронавируспен күресу үшін елорда тұрғындары мен қонақтары жағдайға түсіністікпен қарап, суға шомылу маусымы өтіп жатқан демалыс орындарына, адам көп жиналатын орындарға бармауы қажет», - деді Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғосман Жакин.

Соңғы екі күнде Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері, эпидемиологтер, волонтерлер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар мобильді топтар карантинді бұзудың 50 оқиғасын тіркелді, оның ішінде 29 кәсіпкер маска кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша міндетті талаптарды бұзған және 21 кәсіпкер – тыйым салынған уақытта жұмыс істеген. Заңбұзушылықтар туралы материалдар жергілікті Денсаулық сақтау органына – Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне берілді.

Қазіргі уақытта елордада 16 мониторинг мобильді тобы жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарына, қоғамдық тамақтану нысандарына, сауна, моншалар, аттракциондарға кіріп, карантиндік шаралар туралы ескертеді және тәртіп бұзушылық фактілерін анықтайды.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда жауапты болуға және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады. Сондай-ақ коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында тұрғындарға қала сыртына шықпауға шақырады», - дейді департамент.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары