$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда дәрілік заттарды қолдан жасайтын ірі цех анықталды (ВИДЕО)

Шаралар нәтижесінде 100 тоннадан астам шығуы күдікті қапталған дәрілік заттарды тәркіледі. Оларды «Ротоцеф», «Солкасерил», «Регидрон оптим», «Кальций Д3 никомед», «Цефамед», «Цераксон», «Цефтазидин» және т.б. сауда атауларымен сату жоспарланған.
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Алматы маңында көпшілікке мәлім дәрілік препараттарды қолдан жасаған ірі цех анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 23 шілдесінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен жалған дәрілік препараттарды қолдан жасайтын ірі цехті анықтады

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласы бойынша ЭТД қызметкерлері қолдан жасалған дәрі-дәрмектерге заттаңба шығарылған типографияны, заңсыз өнімді сақтайтын қойманы, сондай-ақ, әрі қарай тексеріс кезінде Алматы облысының Іргелі ауылында астыртын цехті анықтады.

«Көлеңкелі» бизнес иесі дәрілерді қаптап, заттаңба жабыстыратын жұмысшыны жалдағаны анықталды.

Шаралар нәтижесінде қызметкерлер барлығы 100 тоннадан астам шығуы күдікті қапталған дәрілік заттарды тәркіледі. Оларды «Ротоцеф», «Солкасерил», «Регидрон оптим», «Кальций Д3 никомед», «Цефамед», «Цераксон», «Цефтазидин» және т.б. сауда атауларымен сату жоспарланған.

Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, сәйкес экспертизалар тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары