27.07.2020, 07:05

Ескерту: бүгін еліміздің көп жеріне бұршақ жауып, тұман түседі

фото: talbesik.kz
Нұр-Сұлтан мен Көкшетау қалаларында найзағай ойнайды.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында және 6 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 шілдеде Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Нұр-Сұлтан мен Көкшетау қалаларында найзағай ойнайды.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз оңтүстікте 40 градус ыстық болады.

Павлодар облысында күн күркіреп, найзағай ойнайды, желдің күші 18 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысында күн күркіреп, кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысында жел күшейіп, өрт қаупі сақталады.