27.07.2020, 10:00

Атырауда маса шектен тыс көбейіп кетті (ВИДЕО)

Масаның көп болғаны соншалық оларға қарсы арнайы құралдар да, аэрозольдерде көмектеспейтін болған.

Атырауда маса көбейіп, тұрғындардың мазасы қашты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, биыл маса көбейіп, жиі шағатын болған. Тіпті, масаға қарсы арнайы құралдар да көмектеспейтін болыпты.

Осы жылы масамен қарсы күреске және дезинсекция жұмыстарына қалалық әкімдіктен 65 миллион теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе аз. Бригада тобы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанына қарамастан масалар азаймапты.

Масаның көп болғаны соншалық оларға қарсы арнайы құралдар да, аэрозольдерде көмектеспейтін болған. Мамандардың айтуынша, оңтүстіктен соққан жел өңірге масаның жаңа түрін алып келген. Олар Атырау облысында ұзақ болуы мүмкін. 

Мамандардың пікірінше, масалар улы заттарға әбден үйреніп алған. Сондықтар олар көмектеспей жатыр екен. Сондықтан мамандар шыбын-шіркейге қарсы жаңа препаратты қолданысқа енгізіпті.

"Бүгін біз жаңа препараттың экологияға қалай әсер ететінін зерттеп жатырмыз. "Мистраль" препараты жақсы нәтиже көрсетті. Бірақ оны көп мөлшерде пайдалануға болмайды. Сондықтан біз оны "Бомбей" препаратымен араластырдық", - дейді биолог-энтомолог Айнагүл Дәулетиярова.

Айта кетейік, Атырауда дезинсекция жұмыстары наурыз айында басталған.

Тегтер: Атырау маса