$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында 5 жасар бүлдіршін антисептик ішіп қойды

Дәрігерлер адреналиннен бастап жасанды тыныс беру процедурасы сияқты қолдан келгеннің бәрін жасаған.

Ақмола облысы Сандықтау ауылында бес жасар қыз бала антисептик тауып алып, оны ішкеннен кейін көз жұмған.

Сандықтау аудандық ауруханасында хабарланғандай, демалыс күні бес жасар қыз бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Бүлдіршін клиникалық өлім жағдайында болыпты. Дәрігерлер адреналиннен бастап жасанды тыныс беру процедурасы сияқты қолдан келгеннің бәрін жасаған. Бірақ ауруханаға түскен сәттен отыз минуттан кейін бүлдіршін көз жұмған. Белгілі болғандай, қыз бала 27 жастағы туысымен үйде қалған. Анасы жұмысқа кеткен, ата-анасы ажырасқан. Қараусыз қалған бойда қыз сөреге шығып, ішінде антисептик бар бөтелкені тауып алған.

Болжам бойынша, ол сұйықтықты шырын деп ойлап, ішіп қоюы мүмкін. Бұл іс бойынша қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Nur.kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары