Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 3 тамыздан бастап қандай нысандардың жұмыс бастауына рұқсат берілетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Министрдің айтуынша, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, маска тағу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау жағдайында 2020 жылғы 3 тамыздан бастап инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішіне кемінде (R ≤ 1) жетіп, бір аптада төсек-орындардың қамтылу көрсеткіші 70%-дан аз және өлім-жітім деңгейі төмендеген кезде мынадай инфрақұрылымдық объектілердің қызметіне рұқсат етіледі:
Уақыты мен күндер бойынша шектеулермен сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік, азық-түліктік емес базарлар;
Балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, топтарда 5 адамнан аспайтын үйірмелер;
Кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелері;
сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, алдын ала жазылу бойынша маникюр және педикюр салондары;
Қашықтықтан жұмыс істеу формасы мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) қызметкерлері мен кеңсе қызметкерлерінің кемінде 80%-ы үшін сақталуы тиіс.
Денсаулық сақтау министрі әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жеке және топтық жаттығулар жасауға рұқсат етілетінін атап өтті. Сондай-ақ ұлттық құрамалар үшін 30 адамнан аспайтын құраммен спорттық жаттығулар жасауға болады.
Халықтың жүріп-тұруына қатысты мынадай талаптар сақталады:
Көшелерде жүру, саябақтарға, скверлерге және жағалауларға бару — 3 адамнан аспауы тиіс;
Қоғамдық көліктің маска тағу, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау және кондукторлардың болуымен, уақыт бойынша шектеулерді сақтай отырып және жолаушыларды 50%-дан асырмай жұмыс істеуі.
Сонымен қатар салынған тыйымдарды сақтау қажет:
көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шаралардың барлық түрлеріне, ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының жұмысына;
мейрамханалар, барлар, түнгі және ойын клубтарының жұмысына;
мәдениет нысандарының, музейлердің жұмысына, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;
спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, аквапарк жағажайларының жұмысына;
діни нысандар жұмысына;
қала маңындағы жолаушылар пойыздарының (жұмыс пойыздарынан басқа, электричкалардың) қозғалысына, ортақ вагондарды, қалааралық автобустарды (шағын автобустарды) қалыптастыруға.
Сондай-ақ ол: «COVID-19-бен ауыру жағдайы орта есеппен тәулігіне 1600 адам деңгейінде тұрақтанды. Сондай-ақ, кереуеттердің бос болмауы 43%-ға, оның ішінде 27%-ға төмендеуі байқалады. Сауығып кеткендердің саны 63%-ға дейін өсті. Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне қол жеткізілді», — деді.