$ 494.87  520.65  4.91

Ғалымдар коронавирус жұқтырғандардың неліктен иіс сезбей қалатынын анықтады

Дәм және иіс сезбеу - COVID-19 вирусының ең кең тараған симптомы. Статистика коронавирус жұқтырмағандарға қарағанда, жұқтырған науқастар осы сезімдерді 27 есе жиі жоғалтатынын көрсетті.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Гарвард медицина мектебінде нейробиологтар жетекшілік еткен халықаралық ғалымдар тобы COVID-19 жұқтырғандардың неліктен иіс сезу қабілеті жоғалатынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz, Газета.Ru дерегіне сілтеме жасап.

Бұрын аносмия (уақытша иіс сезбеу) коронавирустың ең алдыңғы және негізгі белгісі болатын. Зерттеулердің көбі бұл басқа симптомдарға - ыстық, жөтелге қарағанда, аурудың бары туралы тез сигнал беретінін айтқан. Бірақ бұл симптомның негізінде жатқан биологиялық механизмдер белгілісіз болып келді.

Вирус мұрын қуысының жоғарғы бөлігіндегі жасушаларды зақымдайды деп есептелді. Содан нейрондар иіс туралы миға сигнал бермейді. Бірақ зерттеу бұл болжамды жоққа шығарды.

Ғалымдар мұрын қуысының жоғарғы бөлігіндегі SARS-CoV-2 вирусына төзімдігілігі төмен иіс сезу жасушаларын анықтады. Сөйтсе, миға сигнал беретін жасушалар олардың арасында бұл нейрондар болмай шықты.

"Біз науқастардың коронавирус жұқтырып, иіс сезу қабілетінің жоғалуы инфекция жұқтырған нейрондармен байланысты емес екенін таптық. Бұл сол функцияға қосалқы жасушалардың әсерінен болады. Жақсы жаңалық деп ойлаймын. Себебі инфекция жойылғаннан кейін иіс сезу нейрондары қайта қалпына келу керек. Бірақ бізге бұл қорытындыны растау үшін мұның негізінде жатқан механизмдерді түсінетіндей көбірек дерек қажет", - деп түсіндірді зерттеу авторы Сандип Роберт Датта.

Дәм және иіс сезбеу - COVID-19 вирусының ең кең тараған симптомы. Статистика коронавирус жұқтырмағандарға қарағанда, жұқтырған науқастар осы сезімдерді 27 есе жиі жоғалтатынын көрсетті.

Сондай-ақ иіс және дәм сезу бірнеше аптадан кейін ғана қалпына келетіні айтылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары