$ 494.87  520.65  4.91

Денис Теннің сотын қараған судья өмірден озды

Алматы қаласының соты бұл ақпаратты растады.

Алматыда мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Кеңшілік Әбделдинов пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол қазақстандық танымал спортшы Денис Теннің ісін қараған болатын.

Алматы қаласының соты бұл ақпаратты растады. Баспасөз хатшысы Абай Жарылқасынның айтуынша, Кеңшілік Әбделдинов түнде пневмониядан көз жұмған.

"Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Кеңшілік Әбделдинов өмірден озды. Алматы қалалық соты, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, басшылық және судьялар атынан оның отбасына және туысқандарына көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Кеңшілік Әбделдинов 1963 жылы 28 қазанда дүниеге келген.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 1990 жылы Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы заң саласындағы органдарда бастаған. 2000 жылы ҚР Жоғарғы соты аппаратында жұмыс істеген. 2003 жылдан Алматы облысының судьясы болған. Ал 2013 жылдан бастап Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары