МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Қазақстаннан Түркияға әуе рейстерін 10 тамыздан бастап ашу жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бәрі елдегі және серіктес-елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бірақ Түркияға рейстерді 10 тамыздан бастап ашу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Рыспеков ОКҚ онлайн-брифингінде.
Бұған дейін Грузия және Таиландқа рейстер тамызда ашылуы мүмкін екені хабарланды.