29.07.2020, 14:20

АҚШ-та шығарылған коронавирусқа қарсы вакцинаның бағасы белгілі болды

Фото: azattyg.org
Мұндай баға вакцинаны ел ішінде сату, сондай-ақ халықтың табысы жоғары елдерге экспорттау үшін белгіленуі мүмкін.

Америкалық Moderna компаниясы әзірлейтін коронавирусқа қарсы вакцинаның құны бір курсқа шамамен 50-60 долларды құрауы мүмкін. Бұл туралы Financial Times компанияның әлеуетті сатып алушылармен жүргізілген келіссөздер туралы білетін дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеді.

Мұндай баға вакцинаны ел ішінде сату, сондай-ақ халықтың табысы жоғары елдерге экспорттау үшін белгіленуі мүмкін. Сонымен қатар, препаратты әзірлеумен айналысатын басқа компаниялар өз өнімдерінің құнын арзанырақ бағалады. Атап айтқанда, Pfizer және BioNTtech бір доза үшін 19,5 доллар, ал AstraZeneca 3-4 доллар сұрады.

Басылым дереккөздерінің бірінің хабарлауынша, Moderna компаниясының бағасы өнімді сатып алу туралы келіссөздер жүргізуді қиындатады, өйткені басқа өндірушілер бағаны едәуір төмендетеміз деп уәде берген. Дегенмен, вакцинаның бағасы әлі нақты белгіленбеген.