Қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндігін беру керек, Білім және Ғылым министрлігі осындай ұсыныс жасады. Асхат Аймағамбетов бұл өтінішін, оқу ақысын көтеруге ниетті жоғарғы оқу орындарына бағыттап отыр. Ол, елдегі жағдайды ескере отырып, тиісті шешім қабылданса дейді.
Экономикалық жағдай бізге белгілі. Жоғары оқу орындары тарапынан да қолдау жұмыстарын жүргізу қажет деп санаймын. Біріншіден, қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндіктерін беру. Талдау нәтижесі мұндай мәселенің бар екенін көрсетті. Министр жоғары оқу орындарын қолдау бойынша бағдарлама әзірленіп жатқанын айтты. Бұл аталған мәселелерді шешуге көмектеседі деді. Жоба аталған салаға өзгерістер енгізуді көздейді. Соның нәтижесінде ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және қаржыға байланысты біраз мүмкіндік береді, - деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Дереккөз: Астана телеарнасы