$ 494.87  520.65  4.91

Кәсіподақтар федерациясы Үкіметке білім беру саласындағы қызметкерлерге төлемақы жүйесін реттеу мәселесі бойынша жүгінді

Кәсіподақтардың пікірінше, қалыптасқан жағдай кітапханашылардың еңбек құқықтарын бұзу болып табылады.
Фото: abai.kz
Фото: abai.kz

Кәсіподақтар федерациясы Үкіметке білім беру саласындағы жекелеген қызметкерлер үшін қосымша төлемақы мен үстемақылар жүйесін реттеу мәселесі бойынша жүгінді.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Үкіметке білім беру ұйымдары кітапханалары қызметкерлерінің ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша төлемдер алу құқығын тиісті түрде іске асыру, сонымен қатар білім беру ұйымдарының медициналық қызметкерлерінің жалақысын денсаулық сақтау қызметкерлері деңгейінде көтеру мәселелерін шешу туралы үндеу жолдады.

ҚРКФ үндеуінде  жылдың басынан бері кәсіподақ ұйымдарына бірқатар облыстарда білім беру ұйымдарының кітапханашылары белгіленген төлемақыларды алмайтындығы туралы көптеген шағымдар түскені көрсетілген.

Кәсіподақтардың пікірінше, қалыптасқан жағдай кітапханашылардың еңбек құқықтарын бұзу болып табылады.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап кітапхана қорының қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін халыққа тікелей қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар үшін мәдениет және мұрағат саласындағы республикалық кітапханалардың қызметкерлеріне, соның ішінде электронды кітапхана арқылы (ерекше еңбек жағдайлары үшін) лауазымды  жалақының 50% мөлшерінде, ал  жергілікті атқарушы органдар кітапханаларының қызметкерлеріне лауазымдық жалақының 35% мөлшерінде қосымша жалақы қарастырылған.

Білім беру ұйымдарының кітапханаларының қызметкерлері жоғарыда аталған қосымша ақы алу құқығын алды. Алайда, бірқатар аймақтарда бұл қосымша төлем жасалмайды, бұл білім беру ұйымдары кітапханаларының көптеген қызметкерлерінің құқықтарын бұзады », - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының үндеуінде.

Кәсіподақтарды білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәсілдерініңекіжақты бағалануыныңзаңнамалық теңсіздігі алаңдатады.

«Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық қызметкерлер үшін дәрігерлердің жалақысы 30% -ға, медбикелер 20% -ға көтерілді. Алайда, өсім денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге ғана қатысты, бұл білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер қосымша төлем алу құқығынсыз қалды », - делінген үндеуде.

Әлеуметтік әділеттілік қағидатын іске асыру аясында Кәсіподақтар федерациясы Үкіметті жоғарыда аталған қызметкерлер санаттарына еңбекақы төлеу мәселелерін шешуге объективті көзқарасты қамтамасыз етуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары