$ 498.34  519.72  4.85

Әуе компаниялары билет ақшасын жолаушыларға қайтарады

Тұрғында билетті сатып алғанын растайтын құжат, жеке куәлік, авиабилет болуы керек.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Сауда және интеграция министрлігі SCAT, Air Astana, Fly Arystan әуекомпаниялары клиенттерге елдегі төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстері үшін ақшасын қайтарады, деп хабарлайды Nege.kz.

«Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Bek Air-дан бөлек, SCAT, Air Astana, Fly Arystan әуекомпанияларымен төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстердің ақшасын қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда комитет ұшақ билетінің ақшасы қайтарылмаған адамдардың тізімін жасап жатыр», – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, елдегі төтенше жағдай кезінде ұшпаған рейстері үшін ақшасын қайтара алмаған қазақстандықтар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласуы керек. Тұрғында билетті сатып алғанын растайтын құжат, жеке куәлік, авиабилет болуы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары