Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакциналогия орталығында коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші рет адамға салып көрді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Хабар агенттігіне сілтеме жасап.
Вакцинаны алғаш қабылдаған сол орталықтың директоры Қайсар Табынов екен.
КОВАКС-19 деп аталған препарат Австралияда жасалыпты.
"Қазір кез келген жылт еткен жағымды жаңалыққа қуанатын болдық емес пе?! Вакцина орталығындағы жағдайды ести сала, бірден асай-мүсейімізді алып осында келдік", - дейді тілші Жандос Айтбайұлы.
Әлемде вакцинаның 150 түрі бар, оның 10-нан астамы ғылыми зерттеу деңгейіне жеткен. Ал біздің өзімізде де, яғни коронавирусқа қарсы вакцина Жамбыл облысы Отардағы ғылыми-зерттеу институтында дайындалып жатқан көрінеді.