$ 498.34  519.72  4.85

Қарағандылық бозбала танысын өлтіруге тапсырыс беріп ұсталды

Қарағанды облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының мамандары тапсырыспен кісі өлтіру қылмысының алдын алды деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларына аталған қылмыс жайындағы ақпарат 9 наурыз күні келіп түскен. 19 жастағы бозбала 18 жастағы танысымен сөзге келіп, оны өлтіртуге бел байлайды. Ол үшін киллер жалдап та үлгеріпті.

"Күдіктінің телефон арқылы сөйлескен сөздері тыңдалды. Ол киллерге кісі өлтіру үшін 250 мың теңге көлемінде сыйақы беретінін айтқан. Ақшаны берген соң дәлел ретінде өлген баланың ұялы телефонын және сол телефонға мәйіттің суретін түсіріп алып келуін талап етіпті" делінген Қарағанды облыстық ІІД таратқан хабарламада.

19 сәуір күні Қарағанды қаласындағы сауда үйлерінің бірінің алдында ұялы телефон мен суреттерді алып жатқан тұста күдікті қолға түскен. Ол қазір қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.

Айта кетейік, наурыз айының басында қарағандылық полицейлер тағы бір тапсырыспен кісі өлтіру қылмысының алдын алған болатын. Ол кезде 59 жастағы Балқаш тұрғыны өзіне қарыз азаматты өлтірту үшін 500 мың теңгеге киллер жалдамақ болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары