$ 498.34  519.72  4.85

Бүгін - көлік саласы қызметкерлерінің мерекесі!

Тарихқа көз жүгіртсек, 1896 жылы бұл мейрамды әр жылда 8 шілдеде атап өту туралы шешім қабылданған екен.

Қазақстанда көлік саласы қызметкерлерінің төл мерекесі жылда тамыз айының алғашқы жексенбісі күні аталып өтеді. Биыл ол 2 тамызға сәйкес келіп тұр.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Дәстүрлі түрде аталып келе жатқан мереке тарихы кеңестік кезеңнен бұрын 19 ғасырдан бастау алады. Тарихқа көз жүгіртсек, 1896 жылы бұл мейрамды әр жылда 8 шілдеде атап өту туралы шешім қабылданған екен. Ол сол кездегі Ресей империясы жол министрі болған Михаил Хилковтың бұйрығымен белгіленген.

Бұл күні барлық жолдар бойынша жұмысшылар Петербург қаласында жиналып, Павлов вокзалында жолдастық түскі ас ішкен. Бұл дәстүр 1917 жылға дейін жалғасын тауыпты. Ал теміржолшыларды мадақтау дәстүрі КСРО үстемдік құрып тұрған кезде 1936 жылы туындады. Үкіметтің қаулысымен 1936 жылы 28 шілдеде Теміржолшылардың кәсіби мерекесі 30 шілдеге бекітіледі. Кейінірек оның датасын тамыздың біріне ауыстырылады.

Қазақстандағы темір жол көлігінің негізі қаланған жыл ретінде ұзындығы 1668 км-ді құраған Орынбор-Ташкент теміржол магистралінің құрылысы басталған 1904 жыл есептеледі. Осы темір жол желісінің бойында бірнеше қалалар мен өндіріс орталықтары бой көтерді, атап айтқанда Ақтөбе, Орал, Түркістан, Қызылорда, Арал және басқа да ірі станциялар кейіннен облыс орталықтары мен дамыған елді-мекендерге айналды.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/ 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары