Қостанай облысында ұсталған машинада шығуы белгісіз мың литр спирт қосылған сұйықтық анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде және ҚР ҰҚҚ шекара қызметі, мемлекеттік кірістер органдарымен өзара әрекеттесу аясында 1991 ж.т. ҚР азаматы басқарған «Газель» маркалы автокөлігін ұстады.
Автокөлікті тексеру барысында 5 литрлік ыдыстарға құйылған шығуы белгісіз мың 1000 литр қосылған сұйықтық анықталып, тәркіленді.
Аталған факт бойынша суррогаттық алкоголь өнімін жасауға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде.
Тәркіленіп алынған өнім мемлекеттік кірістер органдарына айыпты тұлғаларды әкімшілікке жауапкершілікке тарту және өнімді денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органға тапсыру үшін жолданды.