$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде 20 тамызға дейін республикалық ата-аналар жиналысы өтеді

Үкімет 500 мыңға жуық компьютерді мұқтаж отбасылардың балаларына беру жұмысын қамтамасыз етуі керек.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Білім және ғылым министрлігіне карантин кезінде алдағы оқу жылына дайын жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Оқытудың барлық әдістемесін аяқтап, ата-аналар, балалар мен мұғалімдер арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Ол үшін 20 тамызға дейін республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыру қажет. Онда алдағы оқу процесі туралы толық ақпарат берілуі керек. Үкімет 500 мыңға жуық компьютерді мұқтаж отбасылардың балаларына беру жұмысын қамтамасыз етуі керек. Әкімдіктер жергілікті деңгейде компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесін қарауы керек", - деді Мамин үкімет отырысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары