Еркiн күрес балуандары Жақсыбек Карабалаев, Iльяс Жұмай, Жанбота Байбазар жол апатынан қайтыс болды. Қаралы хабарды Қазақстан Республикасы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Instagram-дағы ресми парақшасында жеткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған...
Нақтырақ айтсақ, күнi кеше бір топ (бес бала) еркін күрес балуандары жол апатына түсiп, Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға үстінде көз жұмды. Ал ауыр халде ауруханаға түскен Ильяс Жұмай бүгін қайтыс болды деген тағы бiр суық хабар жетті. Ал Заутбек Нұрдәулет пен Мұхаметкалиев Шыңғысхан өмiрi үшін күресiп жатыр. Алла тағала оларға шипа, күш-қуат берсін. Дұғада болайық. Балуандарымыздың мезгілсiз дүниеден өтуiне байланысты еліміздiң барша күрес жанкүйерлерiне, марқұм болған балалардың отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.