$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда зообақ құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгенің жартысы желге ұшқан

Шикі жобаны қабылдаған зоообақтың директоры Мәдина Әшірованың мұртын балта шаппады. Ол қазір қаладағы саябақтарды басқару мекемесіне басшы болып тағайындалған.

Қарағандыда қысқы зообақ құрылысы тоқтады. Оған еріктілердің құрылыс жобасында көптеген кемшілік тауып, дабыл қағуы себеп болған. Зоологтардың пікірінше, шикі жобаланған жаңа орталық хайуан түгілі адам өміріне қауіп төндіреді екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап. 

"Егер жоба бойынша салынса, жазғы және қысқы вольердің арасында кіріп-шығатын есік жоқ. Ол жерде жұмысшылар жүретін техникалық дәліз бар, бірақ тор мен дәліздің арасында есік қарастырылмаған. Демек, зообақ қызметкері аң тұратын бөлмеге кіре алмайды", - деді ерікті Инна Радченко.

 Аталған жоба аңдардың өміріне қауіп төндірмейтін техникалық талаптарға сәйкес емес болып шықты. Вольерлер, есік терезесіз және олардың арасында техникалық қабырғалар жоқ. Ал бассейннің көлемі екі есеге қысқарып қалыпты. Дегенмен жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп қойған. Шикі жобаны қабылдаған зоообақтың директоры Мәдина Әшірованың мұртын балта шаппады. Ол қазір қаладағы саябақтарды басқару мекемесіне басшы болып тағайындалған. Ал жаңа қоныста қыстауы тиіс аңдардың  енді зообақ қызметкерлері өз қолымен әзірлеген қоршауларда жан сауғалауына тура келеді. Құрылысқа бөлінген 1 миллиардан астам теңгенің жартысы желге ұшыпты. Жаңа жоба жасауға тағы жүздеген миллион керек. Құрдымға кеткен қаржының кімнен өндірітенінін шенділер де ашып айтпайды. Ал былығы бетіне шыққан жобаның дау туғызғанын мойындайды. Соған қарамастан екі жылда бітпеген ғимаратты жыл аяғына дейін қайта салып береміз деп сендіріп отыр.

"Менің ойымша, қыркүйектің аяғына дейін жобаны өзгертіп, сараптамадан шұғыл түрде өткіземіз. Жалпы құрылыс осы жылы аяқталуына бар күшімізді саламыз", - деді Қарағанды қалалық құрылыс бөлімінің жетекшісі Жұмаш Байділдә.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары