$ 449.3  489.69  4.89

Нұр-Сұлтанда шенеунік есінен танған бейтаныс әйелге көмектесті

Шоранов трахеостома жасау керек болып қалуы мүмкін деген оймен бірден жүргізушісін бұрауыш алып келуге жұмсаған.

 Жақында ғана денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі болып тағайындалған Марат Шоранов 51 жастағы елордалық тұрғынның жанын аман алып қалды. Баспалдақпен көтеріліп келе жатқан сәтте келіншектің жағдайы күрт нашарлап кеткен. Ол есінен танып, жерге құлай берген кезде шенеунік оны ұстап үлгерген деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Оқиға жайлы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Анықталғандай, аталмыш жайт үшінші тамыз күні дүйсенбіде орын алған. Шоранов жұмысқа енді келіп, баспалдақпен көтеріле бергенде егде жастағы әйелді көрген. Кенеттен келіншектің жағдайы нашарлап, ол есінен танып қалды. Вице-министр оны ұстап қалмағанда, азаматшаның басы гранит тақтаға құлар еді. Шенеунік әйел адамның түрі көгере бастағанын байқап қалды. Ол медицинадағы тәжірибесінің арқасында келіншектің асфиксияға тап болғанын түсініп, бірден оған алғашқы көмек көрсеткен.

 Шоранов трахеостома жасау керек болып қалуы мүмкін деген оймен бірден жүргізушісін бұрауыш алып келуге жұмсаған. Шамалы уақыттан кейін әйел есін жияды. Ол өздігінен демала бастайды. Министрлік қызметкерлері жедел жәрдемді шақырып, азаматшаны ауруханаға жатқызды. 

52 жастағы әйелге ішектің жабыспа өтімсіздігі диагнозы қойылды. Оған хирургиялық көмек қажет болмаған. Дәрігерлер тез арада әйелді аяққа тұрғызды. Ертен оған колоноскопия жасалатын болады. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары