Алматы облысында карантин режимі жеңілдетілді. Аймақтың бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Чарапиев қаулы шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Өзгертулерге байланысты жабық азық-түлік және барлық азық-түліктік емес базарлардың жұмыс істеуіне, сондай-ақ жолаушылар тасымалдаушы қалаішілік қоғамдық көліктердің шектеусіз қозғалысына рұқсат беріледі", - делінген қаулыда.